Қазақстан Республикасындағы «Абалэйк Лимитед» КОО филиалы атынан «Abalake Limited» жауапкершілігі шектеулі компаниясы (БСН 110 341 000 850, орналасқан жері: Астана қ., Достық көш., 18) (бұдан әрі – Оператор) адалдық мобильді қосымшасының/ moskva.kz сайтының пайдаланушысына (бұдан әрі – Деректер субъектісі) осы дербес деректерді жинау және өңдеу келісімімен (бұдан әрі – Келісім) танысуды және оны қабылдауды ұсынады.
Деректер субъектісі ерікті түрде, өз еркімен және өз мүддесінде әрекет ете отырып, Қосымша/ moskva.kz сайты арқылы берілетін өз дербес деректерін жинауға және өңдеуге Операторға толық келісім береді, сондай-ақ Қосымшада және moskva.kz сайтында орналастырылған «Москва» бизнес-орталығының құпиялылық саясатымен танысқанын растайды.
Дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Келісім Оператордың Деректер субъектісінің дербес деректеріне қатысты төменде көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажетті кез келген әрекеттерді (жинау, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, иесіздендіру, бұғаттау, жою, үшінші тұлғаларға беру, оның ішінде трансшекаралық беру) жүзеге асыруына беріледі. Үшінші тұлғалар құпиялылық пен қорғау жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы тиіс.
Деректер субъектісінің дербес деректерін Оператордың ашық дереккөздерде таратуы көзделмеген.
Деректер субъектісі Операторға келесі дербес ақпаратты ұсынады:
Деректер субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
Деректер субъектісі мыналарға құқылы:
Оператор міндетті:
Осы Келісім Деректер субъектісі акцепт жасаған сәттен бастап күшіне енеді және Деректер субъектісі кері қайтарып алғанға дейін мерзімсіз қолданылады. Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе немесе Деректер субъектісінің Оператор алдындағы орындалмаған міндеттемесі болса, Келісім кері қайтарылмайды.
Мекенжай: Астана қ., Достық көш., 18
Телефон: +7 7172 62 00 00
Деректер субъектісі жоғарыда баяндалған дербес деректерді жинау және өңдеу шарттарымен танысқанын және келісетінін растайды.