Жоба туралы

«Москва» бизнес-орталығы – Астана мен Мәскеу арасындағы достықты бейнелейтін жаңа буындағы іскерлік кешен. Алып мұхит лайнерін еске салатын бұл ғимарат Қазақстан астанасының Сол жағалауындағы ең танымал сәулет жобаларының біріне айналды.

Жоба туралы
25 қабат
Астана, Достық көшесі, 18
Ауданы 70 000 м²
335 орындық автотұрақ
Панорамалық лифт

«Москва» бизнес-жобасының миссиясы — Қазақстан Республикасы нарығы ойыншылары үшін жайлы бизнес-ортаны қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету — заманауи әрі қауіпсіз бизнес-кеңістік құру арқылы жүзеге асты.

Ғимаратта «А» класты кеңсе орталығы, конференц-орталық, сауда орталығы, мейрамханалар мен барлар, спорт клубтары, сондай-ақ екі деңгейлі жерасты паркингі орналасқан. Ғимаратта көркемөнер көрмелері тұрақты түрде өтеді.

Заманауи тұжырымдама, ерекше орналасу және бірегей архитектура «Москва» көпфункционалды орталығын іскерлік өмір, демалыс және туризм үшін ең үздік нысанға айналдырады.

Премиум локация

Ғимарат Президент сарайына, «Бәйтерек» монументіне, Сенат пен Мәжіліс ғимараттарына, сондай-ақ Жоғарғы сотқа жаяу қашықтықта орналасқан.

Қалаға үздік көріністер

Жоғарғы қабаттарда 360° шолуы бар екі панорамалық мейрамхана орналасқан, ал кеңселер панорамалық әйнектелген.

Көпфункционалдылық

Кешен кеңселік және сауда кеңістігін, мейрамханаларды, спорт клубтарын және дүкендерді үйлесімді біріктіреді.

Резиденттер комьюнитиі

Қарым-қатынас пен бірлескен бос уақыт өткізу үшін резиденттер қауымдастығы құрылған.

9 мейрамхана

Елорданың тұрғындары арасында танымал қазақстандық үздік рестораторлардың жобалары — жоғары асхана мейрамханаларынан тақырыптық барлар мен жазғы террасаларға дейін.

7 фитнес-клуб

Өте жақсы спорттық форма мен салауатты өмір салтын қолдауға арналған барлық нәрсе — классикалық фитнес, бокс, гимнастика, би, йога және тағы басқалар.

Марапаттар

2014 – CRE AWARDS 2014 байқауында «Сәулет және дизайн» санатындағы «А» сыныпты ең үздік бизнес-орталық.
2015 – Қазақстандағы ең үздік кеңсе жылжымайтын мүлігі – CRE AWARDS көрермендер симпатиясы жүлдесі, сондай-ақ CRE AWARDS 2015 байқауында 2-орын.
2017 – Ғимарат бейнесі Қазақстан валютасында – 500 теңгелік банкнотта орналасқан.
2019 – Asia Pacific Property Awards 2019-2020 байқауында «Қазақстандағы ең үздік кеңсе құрылысы» номинациясының жеңімпазы.