Мейрамханалар мен кафе
«Москва» БО мейрамхана кешені қазақстандық үздік рестораторлардың жобаларымен ұсынылған. Ғимараттағы мейрамханалар мен кафелердің жалпы саны — 9. Олардың қатарында отбасылық мейрамханалар, ұлттық және жоғары асхана мейрамханалары, кофеханалар, сондай-ақ түнгі клубтар мен тақырыптық барлар бар.
24 және 25-қабаттарда орналасқан сәнді панорамалық Mercury және «Вечное небо» мейрамханалары — біздің ерекше мақтанышымыз. Тамаша ас үйі мен жайлы атмосферадан бөлек, мейрамханалардың орналасуы үлкен қаланың тіршілігін биіктен күндіз де, түнде де тамашалауға керемет мүмкіндік береді.
Панорамалық әйнектелген кең залдар, жарық ойыны және мейрамханалардың ерекше архитектурасы кез келген түскі не кешкі асты ұмытылмас оқиғаға айналдырады. Мейрамханаларға кіру сыртқы панорамалық лифт арқылы жүзеге асады, ал лифтпен көтерілу қонақтарға ерекше әсер сыйлайды. Лифт конструкциясы бірегей және Қазақстанда баламасы жоқ — лифт «Москва» БО ғимаратының басты қасбетінен 6 метр қашықтықта орналасқан.



