«Москва» бизнес-орталығының құпиялылық саясаты (Астана қ.)

ҚР-дағы «Абалэйк Лимитед» ФКОО директорының 2023 жылғы 07 желтоқсандағы № 10-П бұйрығымен бекітілген

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы «Абалэйк Лимитед» КОО филиалы атынан «Abalake Limited» жауапкершілігі шектеулі компаниясы (БСН 110 341 000 850) (бұдан әрі – Оператор) Сізге, «Москва» бизнес-орталығының адалдық мобильді қосымшасының/https://moskva.kz сайтының пайдаланушысы ретінде, осы Құпиялылық саясатымен (бұдан әрі — Саясат) танысуды ұсынады.

Саясат Астана қ., Достық көш., 18-үй мекенжайында орналасқан «Москва» бизнес-орталығының адалдық мобильді қосымшасына (бұдан әрі — Қосымша) және https://moskva.kz сайтына (бұдан әрі — Сайт) қолданылады.

Саясат Қосымша/Сайт арқылы Сізден алынған барлық дербес деректерге қатысты қолданылады.

Саясат дербес деректерді жинау мен өңдеудің мақсаттарын, тәртібін, жиналатын дербес деректер тізбесін, Сіздің құқықтарыңызды, біздің міндеттерімізді және Сіз ұсынатын ақпаратты қорғау шараларын айқындайды.

Қосымшаны/Сайтты пайдалану арқылы Сіз осы Саясатқа сәйкес дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.

Біз дербес деректеріңізді тек Сіздің келісіміңізбен жинаймыз және өңдейміз.

Саясат – Оператордың жалпыға қолжетімді құжаты және Қосымшада да, Сайтта да орналастырылады.

Саясатта Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңындағы терминдер қолданылады.

Сіз ұсынған дербес деректер құпия ақпарат болып танылады.

Дербес деректермен әрекеттерге жинау, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, иесіздендіру, бұғаттау және жою кіреді.

Саясат бекітілген сәттен бастап мерзімсіз қолданылады және жаңа редакциямен ауыстырылғанға дейін күшінде болады.

Ақпарат жинау (жиналатын дербес деректер тізбесі)

Біз келесі ақпаратты жинаймыз:

  • Пайдаланушының тегі мен аты
  • Ұялы телефон нөмірі
  • Ұйымның/компанияның атауы

Деректер Қосымшада/Сайтта тіркелу және авторизация кезінде жиналады. Дербес деректеріңізді өңдеу және сақтау оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде жүзеге асырылады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе. Мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін және заңда көзделген өзге де негіздер бойынша дербес деректер жойылуға жатады.

Деректерді жинау мақсаттары

Біз Сіздің ақпаратыңызды мына мақсаттарда жинаймыз:

  • Қосымша/Сайт функционалына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Қосымша/Сайт арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру;
  • «Москва» бизнес-орталығының жаңалықтары, акциялары және іс-шаралары туралы хабарлау.

Ақпаратты қорғау

Біз Сіздің ақпаратыңызды (дербес деректерді) рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден, жария етуден немесе жоюдан қорғау үшін барлық орынды шараларды қабылдаймыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданылады. Дербес деректерге қол жеткізу тек қызметтік қажеттілігі бар тұлғаларға, құпиялылықты сақтау міндеттемесін қабылдаған жағдайда ғана беріледі. Дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дерекқорда сақталады.

Деректерді беру

Біз Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға, оның ішінде трансшекаралық түрде, құпиялылық пен қорғау жөніндегі міндеттемелерді қабылдау шартымен беруге құқылымыз. Сондай-ақ дербес деректер Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына тек заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес берілуі мүмкін.

Саясаттағы өзгерістер

Біз осы Саясатқа Пайдаланушылармен алдын ала келісусіз өзгерістер енгізе аламыз. Елеулі өзгерістер болған жағдайда Сізге Қосымша/Сайт немесе SMS арқылы хабарлаймыз.

Жаңа құпиялылық саясаты Қосымшада/Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Саясаттың өзектілігін мерзімді түрде тексеріп отыруды ұсынамыз. Өзгерістерден кейін Қосымшаны/Сайтты пайдалануды жалғастыру Сіздің келісіміңізді білдіреді.

Сіздің құқықтарыңыз

Сіз келесі құқықтарға иесіз:

  • Операторда және үшінші тұлғаларда өз дербес деректеріңіздің бар-жоғы туралы білуге, сондай-ақ өңдеу туралы ақпарат алуға;
  • дербес деректеріңізге қол жеткізуге, түзетуге, толықтыруға немесе жоюға сұрау салуға;
  • жинау мен өңдеу шарттары бұзылған жағдайда дербес деректерді бұғаттауды талап етуге;
  • дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімді қайтарып алуға (заңға қайшы келетін немесе Оператор алдындағы орындалмаған міндеттеме бар жағдайларды қоспағанда);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Біздің міндеттер

Біз міндеттіміз:

  • дербес деректерді қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға;
  • Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасын сақтауға;
  • Сіздің өтінішіңіз бойынша заңда белгіленген мерзімде Сізге қатысты ақпаратты беруге;
  • ақпарат беруден бас тартылған жағдайда үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді жауап беруге;
  • заңда көзделген негіздер болған кезде дербес деректерді өзгертуге, толықтыруға, бұғаттауға немесе жоюға;
  • Сізге немесе заңды өкіліңізге дербес деректеріңізбен тегін танысу мүмкіндігін беруге.

Байланыс ақпараты

Осы Саясатқа қатысты сұрақтарыңыз болса немесе дербес деректеріңізге қол жеткізу, түзету, толықтыру не жою туралы сұрау жолдағыңыз келсе, бізбен байланысыңыз:

Мекенжай: Астана қ., Достық көш., 18

Телефон: +7 7172 62 00 00

Саясатпен келісім

Қосымшаны/Сайтты пайдалану арқылы Сіз осы Саясатпен танысқаныңызды және дербес деректеріңізді жинау мен өңдеу шарттарымен келісетініңізді растайсыз.